"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ
"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Логопедиялық пунктердің қызметі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 14.02.2017ж. №66 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығынан көрініс алады.

Сөйлеу– бұл баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай жеткілікті болуы және оны белсенді қолдана алуы, осы сөздік қордан өз ойын құрап айта білу, айналадағы адамдардың сөзін түсініп қабылдай білу, сұрақтарға түсініп жауап беру болып табылады.

Сөйлеу тілінің бұзылуы – мектеп жасына дейінгі және бірінші сынып балалары арасында жиі кездеседі. Егер сөйлеу тіліндегі кемістікті уақытымен түзетпесе, бала бастауыш сынып бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездеседі. 

Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін сөйлеубұзылыстары оқытудың бастапқы кезеңдерінде жазу мен оқудымеңгеруге, ал келесі кезеңдерде ана тілі грамматикасын және гуманитарлық  пәндер бағдарламаларын меңгеруге кедергі болады.

Сөйлеу тілі бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпымектепте оқуға мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындаужағдайлары да кездеседі. Түзету жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы мен дер кезінде өткізілуі,логопед осындай балаларға сөйлеу тілінің бұзылуларын жеңуге және өзге балалармен тең дәрежеде мектептік білімдерді меңгеруге, соның нәтижесінде толыққанды, жан-жақты дамуға көмектеседі.

Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін тексерудің логопедиялық сөйлеу карталары (бекітілген үлгідегі (қосымша №2) логопунктке тіркелген жалпы тіл кемістігінің ІІІ деңгейі, фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтығу, сөйлеудің дыбыс айту жағы бұзылған (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары    бар логопедиялық қорытындылар толтырылады.

«Дыбыс айту бұзылуы» деген логопедиялық қорытындысы бар баланың сөйлеу картасын толтырғанда артикуляциялық аппараттың құрылысына және дыбыстың бұзылу сипатына назар аудару қажет. Мысалы: р – велярлы, увулярлы, с – тісаралық, ш –төменгі, осындай мысал келтіру міндетті.

Фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларға сөйлеу картасын толтырғанда артикуляциялық аппараттың құрылысына, дыбыстың бұзылу сипатына, фонематикалық үрдіс деңгейіне, оппозициялық дыбыстарды жіктеуге, анализ және синтез дағдыларына назар аударылады Мысалы: С↔Ш; Б↔П; Р↔Л;

Жалпы тіл кемістігі және фонетико-фонематикалық жетіспеушілігімен негізделген оқу мен жазу бұзылыстары деген логопедиялық қорытындылары бар сөйлеу карталары сөйлеу тілі кемістігінің сипаты бойынша толық болуы керек. Оның ішінде диагностикалық жазбашажұмыс және қателерді талдау хаттамасы болуы керек. Сөйлеу тілінің дыбыстық және мағыналық жағы бұзылғандықтан барлық бағандар  дұрыс толтырылуы қажет. Дыбысталудың, фонематикалық процесстердің даму деңгейінің, сөздік қордың шектелуі және

жеткіліксіз жіктелуінің, грамматикалық құрылымның бұзылуларының сипаттамасы болу керек. Тексеру кезіндегі баланың сөйлеу тілінің мысалдары көрсетіледі. (Таңбалар қолданылады: ауыстыру =,алмастыру ↔). Жыл ішінде сөйлеу картаға логопедтің қандай кемістіктермен жұмыс істегені жайлы жазбалар, сол жұмыстың нәтижелері жазылады.

Логопедиялық сабақтардың кестесілогопедтің жұмыс жүктемесі бекітіледі (1 бірлік=16 сағат).

Сабақ кестесінде логопедиялық топтың толық аты (сабаққа қатысу журналы бойынша), сабақтың өткізілген уақыты, апта күндерінің көрсетілуі болуы керек.  Сабақ кестесін мектеп директоры бекітеді.

Сабақ кестесі келесі уақыт параметрлеріне қарай құрастырылады:

1 сынып оқушыларының оқу уақыты - 35минут, 2-4сыныптар аралығы үшін оқу уақыты - 45минут;

топшалардың оқу уақыты – 20-25минут;

жеке оқыту уақыты –25-30 әрбір оқушымен;

Логопедиялық сабақтың құрылымы сөйлеу кемістігіне, жұмыс кезеңіне байланысты. Мысалы:

Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

-Ұйымдастыру кезі.

-Мақсатты қою.

- Артикуляциялық гимнастика.

- Дыбыс артикуляциясын нақтылау.

- Дыбысты қою.

- Оқшауланған дыбысты бекіту.

- Фонематикалық естуді қалыптастыру бойынша жұмыс.

- Дыбыс пен белгінің (графема) байланысы.

- Үй тапсырмасы.

- Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)

Дыбыстымашықтандырукезеңіндегілогопедиялықсабақжоспарыныңүлгісі

- Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

- Мақсатты қою.

- Артикуляциялық гимнастика.

- Дыбыс артикуляциясын нақтылау, оның оқшауланған

айтылуы келесі сипатталуымен.

- Дыбысты буындарға, сөздерге, сөз тіркестеріне, байланысқан

сөйлемге енгізу.

- Дыбыстық анализ бен синтезді қалыптастыру бойынша

жұмыс.

  • Үй тапсырмасы.

- Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)

 

Дыбыстыажырату кезеңіндегілогопедиялықсабақжоспарыныңүлгісі

  • Ұйымдастыру кезі.
  • Артикуляциялық гимнастика.
  •  Артикуляциядағы араластырылатын дыбыстырдың ұқсастығы

мен айырмашылықтарын нақтылау және оларды сипаттау.

Дыбыстардың символдармен белгіленуі.

  •  Дыбыстық анализ бен синтез бойынша жұмыс.
  •  Үй тапсырмасы.
  •  Рефлексия. (Сабақ қорытындысы)

Жазуменоқубұзылыстарынжоюбойыншалогопедиялықсабақжоспарыныңүлгісі

  • Ұйымдастыру кезі.
  •  Қайталау.
  •  Сабақ тақырыбын айту.
  •  Дыбыстырдың артикуляциясының ұқсастығы мен

айырмашылықтарын табу және дыбыстарды сипаттау.

  •  Оқытылатын дыбыстарды ажыратуға, анықтауға

арналған жаттығулар (ауызша және жазбаша түрде).

  • Дыбыс пен әріп байланысын бекітуге жаттығулар.
  •  Сергіту сәті.
  •  Дыбыстық анализ бен синтезді қалыптастыру, бекіту

бойынша жұмыс.

  •  Өздік жұмысы.
  •  Өздігінен оқу сәттері.
  • Үй тапсырмасы.

ІІІ деңгейліжалпы тіл кемістігін  жою бойыншалогопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

  •  Сабақты ұйымдастыру.
  •  Үй тапсырмасын тексеру.
  •  Сабақ тақырыбын айту.
  •  Дыбыс артикуляциясын нақтылау. Дыбыстың сипаттамасы.
  •  Дыбысты буындарда, сөздерде, сөйлемдерде дұрыс айтудыбекіту.
  •  Оқытылатын дыбысы бар сөздерді талдау.
  •  Сөздік қорды байыту бойынша жұмыс.
  •  Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын жетілдірубойынша жаттығулар.
  •  Үй тапсырмасы.
  •  Рефлексия. (Сабақтың қорытындысы)

Ескерту: жұмыс кезеңіне байланысты сөздік қорды,фонетикалық жағын және грамматикалық құрылысын қалыптастырумен жетілдіру бойынша жұмыстың көлемі ауысып отырады.

Қазіргі түсініктерді пайдаланып, ұйымдастыру кезін психолого-педагогикалық  дайындық деп, ал сабақ қорытындысын рефлексия депатауға болады.

Сабақ жоспарына тыныс алу, қолдың ұсақ моторикасын дамытужаттығулары, сергіту сәттері, кинезиологиялық жаттығулар жәненегізгі психикалық процестерді түзету мен дамыту бойыншатапсырмалар кіреді.

9. Оқушылардың жұмыс дәптері жазу дәптерінде жүргізіледі.

(1 сынып – жіңішке жолды, 2-4 сыныптар кең жолды дәптерде).

 №  _____ мектептің ____ сынып оқушысы

                ____________________________  (баланың аты-жөні)

           логопедиялық сабақтарға арналған дәптері