Құрметті ата-аналар!
Ата-аналар назарына!
www.egov.kz порталы арқылы мектепке қабылдау алгоритімі :
1. www.egov.kz электрондық үкімет сайтына өтіңіз;
2. Порталда тіркелу;
3. “Білім беру” - “орта білім беру” - “білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) бөліміне өту;
4. “Қызметке онлайн тапсырыс беруді” таңдаңыз;
5. Қажетті мәліметтерді толтырыңыз;
6. Сканерленген құжаттарды тіркеңіз;
7. ЭЦҚ-мен растаңыз.
1-сыныпқа қабылдайтын құжаттар тізімі:
Ата-аналардың өтініші ( немесе оларды алмастыратын тұлғалар)
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
3х4 көлеміндегі 2 фото
Интернет арқылы өтініш бере алмайтын ата-аналар үшін мектептерде компьютер және сканермен жабдықталған қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған. Өтінішті толтыру мамандар тарапынан көмек көрсетіледі.