Ақпанның бірінші жұлдызында өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі А. Е. Жумадированың жетекшілігімен «Өзін- өзі тану : Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
онкүндігінің ашылуына арналған ашылу салтанаты болды.Бұл салтанатты жиынның мақсаты: оқушылардың бойындағы ізгі рухани адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарының мәнін ашу. Осы мақсатты негізге ала отырып , оқушылар мағыналы тақпақтар мен жылы сөздер айтты, тақырыпқа сай әндер шырқалып, тренинг жаттығу да өткізілді. Басталған апталықтың маңыздылығын, берер өнеге, тәрбиесін кішкентай бүлдіршіндерге ойындар арқылы түсіндіре білді.