"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ
"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Бүгінгі таңда «инклюзивті білім беру» деген терминнің өзінің қолдану аясы өте кең. Ерекше бала – болашақ дана. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қазіргі қоғамның ерекше бір бөлшегі. 2023 жылы 20 қазан күні Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдеріне арналған «Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар» атты семинар практикум өтті. Мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстармен таныстыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға тапсырмаларды оқушының ерекшелігін ескере отырып, бейімдеп қалай жасауға болатыны туралы деректермен бөлісу.

Семинар барысында Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері, мектеп логопеді өз тәжірибелерімен бөлісті. Геложутдинова Жанара Зейнулловна Ерекше білім қажет ететін оқушыларға арналған бағдарламар туралы таныстырылым көрсетіп, қандай сайттардан алуға болатыны туралы бағыт берді. Байманова Райгуль Базыловна қазақ тілі мен әдебиет сабағында ерекше білімді қажет ететін оқушыларға (психикалық дамуы тежелген) тапсырмаларды ерекшелігіне сай жеңілдетілген түрде бейімдеп қалай құрастыруға болатыны жайлы өз тәжірибесімен бөлісті. Байгулова Бакытжан Каиргельдиновна, Танбаева Нургуль Сабыровна қазақ тілі мен әдебиет сабағында ерекше білім қажет ететін оқушыларға (психикалық дамуы тежелген) БЖБ,ТЖБ жұмыстарын жеңілдетілген түрде құрастырған үлгілерімен таныстырды.Мұсаева Ақжол Тоқтамысқызы «Ерекше білім қажет ететін оқушыларға арналған» жұмыс дәптерін, ақыл ой кемістігі бар балаларға тапсырма қалай ұсынуға болатыны туралы ақпаратпен таныстырды.
Ерекше баланың ерекше дарынын ашу үшін жағдай жасап, қоғамнан шектемеу қажет. Әр баланың қалауы бар, құқығы бар. Мектебімізде биыл ашылған инклюзия кабинетінде оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасалған. Нақтырақ айтқанда, заманауи көрнекі жабдықтар, бұл санатқа жататын ерекше балаларға арналған құралдар, бала санасына жылдам әсер ететін, олардың қабілетін жоғарылатуды қамтамасыз ететін оқу-әдiстемелiк құралдармен жабдықталған. Мектеп логопеді Асанова Феруза Спандиярқызы жаңадан ашылған инклюзия кабинетінде жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырды.