"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ
"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

2021 жылғы 30 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Таланттар әлемі» халықаралық телевизиялық өнер байқауына Павлодар қаласы Қ. Бекхожин атындағы мектептің 2 сынып оқушысы Жакиш Айлин қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Айлин 7 - 9 жас аралығындағы қатысушылар арасында вокалдық жанр бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Ол диплом және байқау кубогымен марапатталды. Сондай-ақ, 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында және 2022 жылдың қаңтарында Түркияның Стамбул қаласында өтетін «Kazakh-turk festival» байқауына қатысуға шақыру алды. Жеңімпаздың жетекшісі Рахимбаева Рыскелді Мұратбекқызы, мектептің музыка пәнінің мұғалімі балалар шығармашылығын қолдағаны, оқушыларды тәрбиелегені, өнер әлеміне қосқан үлесі және жеңімпазды байқауға дайындағаны үшін Құрмет дипломымен марапатталды.

Байқау шарты бойынша қатысушылар еркін тақырыпта бір әнді жанды дауыспен орындауы керек еді. Айлин, М. Сәбидің сөзіне жазылған, музыкасы  И. Маркстің «Арманға сенемін» әнін орындады.

- Айлин өз жасына арналған әнді өте жақсы орындады, сахнада өзін еркін ұстады, байқаудың қазылар алқасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі, қазақстандық әнші Гүлнұр Оразымбетова Айлиннің өнерін жоғары бағалады, - дейді жетекшісі Рыскелді Мұратбекқызы.

Айлин 5 жасынан бастап ән айтады, мектеп үйірмесінде вокалмен айналысады. Ол 2019 жылы Павлодарда өткен «Лазурные берега» халықаралық байқауында бірінші бас жүлдені жеңіп алды. Ол «Рауан» қалалық байқауының, «Жас жұлдыз» онлайн байқауының жеңімпазы. Айлин өте шығармашыл оқушы, вокал үйірмесінен басқа, ол мектепте би және шахмат үйірмесіне қатысады. Бос уақытында ол импровизацияланған материалдан қолөнер жасауды және сурет салғанды ұнатады.