Бүгін мектеп оқушыларына темекі шегуді алдын алу бойынша "Темекі - денсаулық дұшпаны" тақырыбында ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Темекі, кальян, электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, жеткізу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.