"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық- мәдени ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында мектебімізде айтыскер ақындармен кездесу өтті. Қонақ ретінде облыстық, республикалық ақындар айтысының бірнеше мәрте жеңімпазы әрі жүлдегері, Павлодар қаласы әкімінің кеңесшісі Павлодар облысы, Ақтоғай ауданының тумасы айтыскер ақын Қабдраш Абзал Қайратұлы шақырылды. Абзал Қайратұлы оқушыларымызға айтыс өнері мен өзінің шығармашылығы жайлы баяндап берді.
Кездесу кешінде мектеп оқушылары ақынға көңілдерінде жүрген көкейтесті сұрақтарын қойып, мардымды да көңілге қонымды, толыққанды жауаптарын алды. Абзал Қайратұлы кездесу барысында сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, өмірдегі жинаған тәжірбиесіне сүйеніп, өмірге деген көзқарасын оқушыларға әзіл-қалжыңы аралас ақылын айта отырып, емен-жарқын сұхбат берді. Кеш соңында айтыскер ақындарымыз Абзал Қайратұлы мен Нұрбек Бәкірұлы өздерінің суырып салма өнерімен айтысқа түсіп, оқушыларымызды шабыттандырды.