Сәуірдің 11-15 аралығында Қазақстан Республикасының ІІМ тапсырысы бойынша «Мен және менің полиция қызметкерім» атты («Я и мой полицейский») имидждік жоба өткізу барысында мектеп оқушылары Павлодар облысының Полиция Департаментінің мұражайына танымжорыққа барды.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, полиция жұмыстарымен таныстырып, қауіпсіздік шараларын оқыту.