2022 жылдың 9 желтоқсан күні «Оқуға құштар мектеп» республикалық жоба аясында пән мұғалімдері үшін «Оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістері» атты шебер – класс өткізілді.
Өз тәжірибесімен бастауыш сынып мұғалімі Жунусова Бекзат Жаскылыковна бөлісті. Шебер- класс мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша тиімді әдіс - тәсілдерімен таныстыру.Қатысушылар оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша әртүрлі тапсырмалар туралы білім алды және алған білімдерін өз тәжірибелерінде пайдалана алады.