"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Облыстық "Бастау Fest-2023" балалар - жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған "Жас өркен" балалар шығармашылығы фестивалі өтуде.
Фестиваль жоспарына сәйкес жыл бойы оқушылар хореография, вокалдық өнер, жас күйшілер байқауына, театр өнері, айтыс және медиа жобаларға қатысады.
Фестиваль аясында 2023 жылдың 14 сәуірінде Павлодар қаласының № 7 мектебінде "Күй шебері" байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қаланың 16 жалпы білім беретін мектептерінен 5-11 сыныптардың 19 оқушысы қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес жас күйшілер Құрманғазының "Адай", "Сарыарқа" күйлерін, сондай-ақ шертпе стилінде таңдауға болатын туындыны орындады. Мектебіміздің 8А сынып оқушысы Қайрулла Даяна ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!