"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Мектебімізде 1-11 сынып арасында Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен жырдан шашу шашты.

Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартудан бақ сынасты. Оқушылар мен мектептің ата-аналары мерекелік кешке аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды.