Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің ұсынымдарына сәйкес 2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының оқушыларына мектеп формасын ғана емес, классикалық стильдегі киімде (қара шалбар/юбка және ашық түсті жейде/блузка) киюге болады. Мектеп формасының түсін таңдау кезінде қара көк гамманы ұстану ұсынылады. Біріншіден, бұл ұсыныстар практикалық сипатта болады, сондықтан басқа мектепке ауысқан кезде ата-аналар бір жыл ішінде жаңа форманы сатып алуға мәжбүр болмайды.