Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» республикалық жоба аясында оқушылардың оқу және цифрлық сауаттылықтарын арттыруға негізделген 1-4 сынып оқушылары арасында сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың оқу және цифрлық сауаттылықтарын арттыру
Міндеттері: Балаларда анимация туралы қарапайым идеяны қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын байыту. Мультфильмдер жасауға танымдық көркем-эстетикалық қызығушылықты дамыту. Шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту. Этикалық сезімдердің дамуына ықпал ету: мейірімділік, қамқорлық, батылдық, өзара көмек, адалдыққа баулу.
Бастауыш сынып оқушылары бір ай ішінде өздеріне ұнаған 10 ертегіні оқып, оқыған ертегілерін сынып ішінде әңгімелеп, ойларымен бөліскен болатын. Содан кейін ата-аналарының көмегімен сүйікті ертегісінің желісі негізінде түсірілген анимациялық мультфильмдерін комиссия құрамы алдында қорғады. Анимациялық, мультипликациялық көріністер олардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілетін дамытады. Балалар есту, көру, қайталау арқылы сөздерді дұрыс айтуға жаттығады деген сенімдеміз.