Мектебімізде 5 сыныптар үшін " Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілікке, әдептілікке, кішпейілдікке, қарапайымдылыққа, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Оқушыларға бұл шарада ұлмен қыздың тәрбиесі,ата-бабаларымыздан қалған, біздің халқымызда айрықша орын алатын мақал-мәтелдер,ырым-тыйымдар, нақыл сөздер жайлы, адамның бүкіл тыныс-тіршілігінен, әдет-ғұрпынан, түсінік болмысынан туындаған байлаулы ой түйіндері айтылды.