"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Мектебімізде 22.09.2023ж күні 5 -11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері және пән мұғалімдері қатысқан сенбілік өтті.Сенбіліктің мақсаты айналамызды, өзіміз өмір сүретін қоғамды, ортаны таза ұстау.
Мектеп ауласын тазалау бойынша әр сыныпқа жауапты мұғалімдермен белгілі бір үлескілер бекітілді, сенбілік жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.
Қажетті құралдармен жабдықталған оқушылар мен мұғалімдер қуана-қуана мектеп аумағын тазартты. Ортақ күшпен бір сағат ішінде мектеп аумағы тазарып, әдемі болып шықты.Бұндай қоғамдық жұмыстарға мектеп мұғалімдері де оқушылар да барынша атсалысып, үрдіске айналған игілікті іске үлес қосып келеді.  Біздің мектепте сенбілік- бұл тек қана аумақты тазалау және абаттандыру іс-шарасы ғана емес, бұл оқушылар мен мұғалімдер ұжымын ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік.
Сенбілік айлығы өз жалғасын табады.
Мектеп ұстаздары мен қызметкерлеріне және оқушыларға алғыс білдіреміз.