27 қыркүйекте Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің бастамасымен «Мәдениет ана – мәдениетті ұлт» және «Салауатты сана» республикалық жобалары аясында «Отбасы - тәрбие іргетасы» фестивалінің бірінші кезеңі ұйымдастырды. Фестивальге Қ.Бекқожин мектебінің ұжымы "Бастаңғы" дәстүрін дайындады.
Фестивальдің мақсаты:
- Халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерделеу және көрсету арқылы Қазақстанның мәдени мұрасымен таныстыру; - тілдік ортаға ену арқылы мемлекеттік тілді оқып-үйренудің және танымал етудің жаңа түрлерін іздестіру;
- Ұрпақтар сабақтастығы.