"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тіршілігінде ұлтының тағдыры үшін алаңдаған қазақ ғылымының атасы, ұлт мәдениетінің көшбасшысы Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың 125 жылдық мерейтойына орай мектебімізде “Ұлтының ұлы перзенті” атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште Қаныш Сатпаевтың өнегелі өмірінен сыр шертілді.
Оқушылар Қанышқа арналған арнау өлеңдерін оқып, “Ер Едіге” жыранан көрініс көрсетті, «Қаныш Сатпаев» роман эссесін жазған, Қаныш атамыздың көзін көрген, ұлы тұлғаға өз шығармасын арнаған есімі еліне мәшһүр қаламгер Медеу Сәрсекемен сұқбат жүргізілді. (Медеу Сәрсекенің рөлін сомдаған Медеу Сәрсекенің көзін көрген мектебіміздің тариха пәні мұғалім Төрехан Есет)
Жаратылыстану бағытының ұстаздары “Алып тұлға-Қаныш аға” фото көрмесін ұйымдастырып, Қаныш атамыз зерттеген қазба байлықтарын оқушыларға көрсетіп, таныстырып өтті.