2022 жылдың 25 ақпан күні Облыстық ақпараттық ағартушылық штабының басшысы Жанғазы Еркеғали мен «Павлодар облысының мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» басшысының орынбасары Тауасқан Медет мырзалармен «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты тақырыбында 7, 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кездесу сағаты болды. Кездесу барысында қыздар мен ұлдардың тәрбиесі, өзінің ана тіліне деген құрмет, отбасындағы тәрбие барысы қозғалды.
Кездесу барысында келген қонақтарымыз әр оқушының жүрегіне өз ұлтына, тіліне, дініне деген үлкен сенім ұялатты.
Болашақта осындай кездесулер жалғасын табуда......