Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай биыл облысымызда алғаш рет бекітілген "Тәуелсіздік ұланы" сыйақысымен марапаттаудың салтанатты рәсімі Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С .А. Гладышеваның қатысуымен Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті. Сондай - ақ, 76 лауреат "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығының иегері атанып, төсбелгімен марапатталды, 50 есе еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақы алды. Осылайша мектебіміздің 8 сынып оқушысы Саун Сұңқар "Спорттық шеберлік"номинациясы бойынша "Тәуелсіздік ұланы" төсбелгісі мен сертификатына ие болды.Мұндай марапатқа ие болу біз үшін үлкен қуаныш.Әрі қарай да белсенді ұланымыздың биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз.