"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ
"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 13 қазанда 5-10 сынып оқушылары арасында Мағжан оқуларының  қашықтықтан  қалалық кезеңін өткізді. Пандемияға байланысты оқулар оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, поэтикалық сөздің күші мен қуатын түсінуге үйрету, дамыту және өз пікірін ғылыми тұрғыдан жеткізе білу мақсатында үш номинация бойынша ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

Қаланың 30 жалпы білім беретін мектептерінен 5-10 сыныптардан 67 оқушы қатысты.

Ережеге сәйкес байқау үш бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды, жас дарындар өз өлеңдерін оқыды, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларды қорғады.

Оқу қорытындысы бойынша "Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" бағытында   ІІІ орынға 8«А»сынып оқушысы Жануакова Гүлназие болды. Жетекшісі Р.Б. Байманова.

Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша "Ақын да бір бала ғой айға ұмытылған" бағыты бойынша І орынға 10 «А» сынып оқушысы Орымбай Шынболат иеленді. Жетекшісі Ш.С. Мальшубаева. Шынболат  ағымдағы жылдың 15 қазанында өтетін «Мағжан оқуларының» облыстық кезеңге қатысады. Сәттілік тілейміз! Жарайсыздар!