«Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңінің 6 бағытына біздің мектеп оқушылары қатысып, жетістіктерге жетті.
«Ақындар айтысы» бағытында 10 «А» сынып оқушысы Мұрат Заңғар 1 орын алып, облыстық байқауға жолдама алды.
«Көркем сөз оқу» бағытында 10 «А» сынып оқушысы Шакарымова Адия, «Шешендік өнер» 11 «А» сынып оқушысы Жұмабай Мөлдір 2 орын алды, «»Ақындар мүшәйрасы» 11 «А» сынып оқушысы Күнат Ақерке, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» 9 «А» сынып оқушысы Қайрулла Дайана 3 орын алды. Құттықтаймыз!