2021 жылдың 4 қараша күні мектебіміздің педагог ұжымы І аймақтық воркшоп «Қазақстан мұғалімі» атты ұлттық сыйлығының жүлдегерлерімен онлайн режимінде кездесуге қатысты.
I Аймақтық воркшопқа Нұрсұлтан, Қарағанды, Теміртау, Алматы қалаларынан Ұлттық сыйлықтың финалистері және Павлодар қаласынан 2 финалисті қатысты. Іс шараның мақсаты - педагогтерді педагогикалық қызметті жүзеге асыруға шабыттандыру, іс- тәжірибесімен бөлісу, қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін коммуникациялық платформа құру.