"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ
"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Бүгін, 2019 жылдың қараша айының 14 -жұлдызында мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚССР және КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақстан республикасының білім беру саласының құрмет грамотасы иегері, облыс алдында сіңірген еңбегі үшін төс белгісінің иегері, облыстық қазақ тілі қоғамы бірлестігінің мүшесі, Аққулы ауданының құрметті азаматы Арибаев Қабидолла Әлиұлы, ҚР журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Республикалық бата беру байқауының 1-орын иегері, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Сыздықов Балтабай Сәкенұлы, Ақсақалдар тағылымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық қазақ тілі қоғамы бірлестігінің мүшесі, облыс алдында сіңірген еңбегі үшін төс белгісінің иегері, «Тіл және дін» жанашыры Ульям Мақұлұлының ұйымдастыуымен «Қазақ халқының ұлттық құндылықтары» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу өткізіліп, халқымыздың ұлттық құндылықтары жөнінде терең мағлұмат берілді. Сонымен қатар, бұл кездесуге облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы қатысып, оқушыларға өз пікірін білдірді. Оқушылардың бұл іс-шарадан алған әсері өте зор.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы мектепішілік «Қарттарым қазынам» жобасының жұмысынада үлкен үлес қосты деуге болады. Бұндай кездесулердің берері мол болғандықтан, келешекте тағы да жалғасын табады деген үмітеміз.