Жыл сайын балалар биіктіктен құлап зардап шегеді.
"Павлодар қаласының №112 сәбилер бақшасы" КМҚК ата-аналарды негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
Балалардың ашық терезелердің жанында ойнауына жол бермеңіз;
Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз, олар балаға бөгет секілді көрініп, оған сүйенуге итермелеп құлаудан сақтамайды;
Баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеге жақын орналастырмаңыз;
Балаңызға терезенің алдында тұруды үйретпеңіз;
Бөлмені желдету үшін терезенің көзін пайдаланыңыз немесе терезенің жоғарғы жағын ашып желдетіңіз;
Терезенің тұтқаларын алып тастаңыз немесе арнайы құлпы бар тұтқаларды пайдаланыңыз;
Терезеге бекіткіштер мен бұғаттағыштар орнатыңыз.
*БАЛАҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА ЕКЕНДІГІН ҰМЫТПАҢЫЗ!