"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ
"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Елбасының медальдарын табыстауға арналған салтанатты іс-шара 2021 жылғы 7 сәуірде Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның қатысуымен өтті.

«El Úmiti» бастамасы аясында «Елбасы медалі» ауқымды челленджі 14-29 жас аралығындағы жастар мен өршіл қазақстандықтарға арналған талантты жастарды анықтауға және қолдауға бағыттау үшін 2020 жылдың шілде айында Нұрсұлтан Назарбаевтың қорымен іске қосылды. Қор бірнеше білім беру жобаларын жүзеге асыруда: «El Maqtanyshy» сыйлығы, «Елбасы медалі» бағдарламасы, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы. Жобаға қатысушылар өз дағдыларын жеті бағыт бойынша дамытты: спортта, таланттарды дамытуда, кітап оқуда, ұлттық мұрада, волонтерлікте, туристік жорықтарда және еңбек практикасында. Кезеңдерден өту алты айға созылды, жобаға қатысушылардың әрқайсысының өз тәлімгері болды, оны жоба ұйымдастырушылары тағайындады.

Шараға «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздары, Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 34 оқушы қатысты.

ELBASY TABYSTYN JETI BAGYTY» медалімен мектебіміздің 7 сынып оқушысы Хайдарова Диляра мен 11 сынып оқушысы Камиева Сабина марапатталды.Жеңістеріңіз құтты болсын !!!