«Ең үздік оқырман отбасы» байқауы
Жалпы ережелері
Мақсаты мен міндеттері:
Ата-аналар мен балаларды байқауға қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау. Әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу, отбасының қатынасты және ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу, олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру. Отбасы- Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеті бар терең білімді дарынды балаларды анықтау, мадақтау.