"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясындағы күнделікті үлкен үзілістегі "Ұлттық ойындар" шарасы негізінде мектебімізде "Бес асық" ұлттық ойынын оқушыларға үйретіп, жандандыру мақсатында 1 - 11 сыныптар арасында "Көрпе fest" байқауы ұйымдастырылды.
Мақсатымыз: ұлттық ойындар арқылы ұлттық құндылықтар мен тәрбиені тұлға бойында қалыптастыру.
Аталған шараға әр сынып оқушылары және ата - аналар қызығушылық танытып, қатысты. Әр сынып бір көрпеден ұсынды. Белсенділік танытып, шараға ат салысқан сынып жетекшілерге, оқушыларға және ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз.