11 қараша күні 4 "Ә" сыныбында «Балалардың құқықтық тәрбиесіне жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Ата – аналарға балаларының құқықтық тәрбиесі жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу.
Сонымен қатар ата-аналармен тренинг өткізіліп, I тоқсан қорытындысымен таныстырылып, талқыланды. Ата-аналар да өз ұсыныстарын білдірді. Сынып жетекшісі: Сахабай Баршагүл.