"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ
"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар мақсатында ШЖҚ КМК «Павлодар сервис және тамақтану колледжі»-нің мамандары дәріс пен шағын концерт ұйымдастырды.

"2014 жылдан бастап біздің колледж «Павлодар сервис және тамақтану колледжі» деп аталады. Біз жаңа деңгейдегі мамандарды дайындаймыз: технолог-менеджер, даяшы-бармен-бариста, аспаз, кондитер - безендіруші, мейрамхана және қонақ үй бизнесінің мамандары, қонақүй әкімшілері.

Колледжде Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарымен тығыз халықаралық ынтымақтастық, Түркиядағы студенттердің ақылы тәжірибесі, Германиядан келген «SES» еріктілер корпорациясымен келісім жүзеге асырылуда.

Облыстық «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп «Дәм сиқыры» және "Этнокухня" тележобалары құрылды.

Облыста алғашқы болып колледждің студенттік Ассамблеясы, Аналар кеңесі ашылды.

Колледж базасында WorldSkills, Baby skills, Junior skills, Abelimpix аймақтық чемпионаттары өткізіледі.

Колледж студенттері - Әлем чемпиондары, жеңімпаздар, жүлдегерлер, халықаралық, республикалық және өңірлік конкурстар медальондарының иегерлері.

Сіздерді «Павлодар сервис және тамақтану колледжіне» оқуға шақырамыз."