"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ
"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

6 «ә» сынып өмірінен мағлұмат

Сыныпта 27 оқушы бар. Оның ұлы – 19; қызы – 8. Сынып жетекшісі – Жұмабекова Айкен Айтмағамбетқызы. Былтырғы оқу жылынан бастап сынып жетекшілік қызметімді атқарып жатырмын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Оқушылар сыныптағы, мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға қатысады. Мысалы, сынып басшысы Байғазинова Алтынай, оның көмекшісі Амангелді Айдана, топ жетекшілері Шалбай Ринат, Булатов Данияр, Байжанов Бақтияр, спорт секторы Қажымұратов Мейірман, тазалыққа жауаптылар Кабышева Мадина мен Мұқашева Гүлнәз, кітапханашылар Абильденова Меруерт және Жүсіпбекова Жанар. ‡лгерімге жауаптылар Жалатбек Нұрлыбек, Әбуғұмаров Ерболат және Исабеков Бахтияр. т.б. Осылай өздерінің атқаратын міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сыныбымызда сынып мақтаныштары қатарына жатқызатын оқушылар да баршылық. Атап айтсақ, Байғазинова Алтынай , Амангелді Айдана, Мұқашева Гүлнәз, Смаилов Аслан, Кенесов Дастанбек, Абильденова Меруерт, Булатов Данияр, Қажымұратов Мейірман және ортамыздағы жас әншіміз – Жалатбек Нұрлыбек. «Шынықсаң шымыр боласың» демекші жас спортшымыз – Қайыр Ерболат былтырғы жылы Барнаул қаласынан еркін күрестен өз салмақ дәрежесінде белдесіп II орынға ие болды. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға», - деп Абай атамыз айтқандай бірден емес, бір – бірлеп жетістіктерге қол жеткізудеміз. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалаққа қатысатын оқушымыз – Байжанов Бақтияр белгілі бір орынға ие болмаса да әрқашан сайыстарға ќатысып, өз бағын сынауда. Оқушылардың мектепішілік, мектептен тыс үйірмелерге, секцияларға қатысулары жылдан – жылға арта түсуде. Әр түрлі іс шараларға бір адамдай қатысып, белсенділік танытудамыз. Мектепте тәртіп жағынан үлгілі сынып қатарына еніп жүрген күндеріміз де болды. Қателеспейтін адам болмайды. Кемшіліктеріктерді, олқылықтарды бәріміз бір болып, әрқашан жоюға тырысамыз. «Ең таңдаулы» сынып – 2008» атты 1 қалалық қалалық байқауына қатысудамыз. Алдағы уақытта жетістіктерге жетеміз деген зор үміттеміз.