"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Ауған соғысы – тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 15 ақпан 10 жылға созылған сұрапыл соғыста Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толды. Айтулы күн қарсаныңда жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне "Ауғанның отты жалыны" атты кездесу кеші өтті. Кездесуге қатысушылар Ауған жерінде қайтыс болған жауынгерлерді бір минуттік үнсіздікпен қарсы алды. Кеш қонақтары Жантасов Айтбай Дүйсенович, Какашин Қайрат Жанбырбаевич Ауған соғысының елімізге әкелген қайғы қасіреті туралы ойларын айтып, естеліктерімен бөлісті. Оқушыларымыз көкейлерінде толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Кешіміз концерттік бағдарламамен жалғасты. Мың бұралған бишілеріміз би билеп,, домбырашы қыздарымыз күй ойнап, музыка пәні мұғалімі Рыскелді Мұратбекқызы "Ауған вальсі" әнін құйқылжыта шырқап берді. Кеш соңында мектеп директоры м.а. Анесова Гүлнарай Жеңісқызы қорытынды сөз сөйледі.