"ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ Қ. БЕКҚОЖИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ" ММ
Кіру
AA+
«Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің КММ

Ауған даласындағы ұрыс қимылдарына қатынасқан Кеңес әскерлерінің сол бір отты нүктеден шығарылғанына биыл 34 жыл толып отыр.
Осыған орай жер-жерде патриоттық тәрбие бағытындағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атаулы күнге орай 14 ақпан күні №4 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен мектебіміздің 6 «А» сынып оқушыларымен бірге, №5 қалалық жалпы орта мектебінде орналасқан интернационалдық жауынгерлер мұражайына барып қайтты. Мұражайдың құрылғанына 20 жыл толып отыр екен.
Оқушыларды өте жылы шыраймен қарсы алды. Мұражайды Хренова Ольга Юрьевна таныстырып, Ауғанстанның шығу тарихынан бастап көптеген мәліметтермен бөлісті. Балаларды мұражайдағы қару жарақтармен, құжаттармен таныстырып өтті. Ақпарат балаларға өте қызықты болғаны сонша әр қайсысы сұрақ қойып және сол сұрақтарына жауаптарын алып қайтты.