Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 24 ақпанда "Ақ шағала" республикалық хореографиялық фестиваль - байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Халық биі және халықтық-стильдендірілген би номинациясында: "Шашу" қазақ халық биін орындағаны үшін Қ.Бекхожин атындағы мектептің "Шұғыла" хореографиялық ұжымы I дәрежелі дипломмен марапатталды.