9 мамыр "Ұлы Жеңіс күні" қарсаңында мектебіміздің оқушылары "Ардагерлерді ардақтайық" акциясын қолдап, №4 мөлтек ауданның тыл еңбеккерлерін құттықтап қайтты.
Шараның негізгі мақсаты - ардагерлер мен жас ұрпақты байланыстыру, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, патриоттық тәрбиені нығайту және еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру.