7.04.2023 ж күні мектебімізде әр сыныпта ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Жиналыс барысында ата-аналармен "Сәлемдесу"," Танысу" тренингтері өткізілді. Сонымен қатар ата-аналарға ІІІ тоқсан қортындысы сыныптың, оқушылардың білім сапасына тоқталып, сыныптың тәрбие жұмысымен таныстырып, қортындысы айтып өтілді. Ата-аналарға әр түрлі тақырыптарда баяндамалар оқылып,кеңестер берілді. Жиналыс тренингтермен және ата-аналардың жылы лебіздерімен қортындыланды.